Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі

Ұлттық құндылықтарымызды сақтап, құрметтеу арқылы біз Қазақстанымызды  күллі әлемге таныстыра аламыз. Ата-бабадан келе жатырған ұлттық өнерімізді құрметтеп, насихаттау бүгінде әр қазақтың міндеті. Осы мақсатта, кітапхана қызметкерлері 26 тамыз күні орталық аудандық кітапхананың оқу залында барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра «Қазақтың күмбірлеген күйлері» атты бір кітапқа шолу өткізді («Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» кітабы бойынша).     Іс-шара жүргізушілері екі бөлімнен тұратын бұл кітаптың шығуы туралы айтты. Бірінші бөлімде композиторлар туралы мәліметтер, күйлердің шығу тарихы, екінші бөлімдегі тыңдай алатын лицензиялық дискілермен таныстырды. Кітапхана қонақтары Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінің жас музыканттарының орындауында «Жанды» түрде қазақ күйлерін тыңдауға мүмкіндік алды. Балтабаев Айбек пен Әнуарбеков Асан осы жинаққа енген бірнеше шығарманы тамаша орындады. Музыканттардың әр орындаған күйлері жылы қабылданды. Іс -шараға 19 адам қатысты.

Пікір үстеу

Skip to content