Аудандық кітапханалар жүйесінің кітап қоры тағы бір өлкетану басылымымен толықты.
Ауданымыздың тумасы Қасымбек Кеңесбаев өзінің еңбегі «Атамекен – Қоржынкөлім» атты кітабын аудан кітапханаларына сыйға тартты. Автор өз басылымында туған өлкенің гүлденуіне үлестерін қосқан ел азаматтары туралы, Қоржынкөлдің керемет қайталанбас табиғаты туралы баяндайды. Сондай-ақ, кітапқа автордың өлеңдері және мақалалары енген.
Аудан кітапханаларына өлкетану бағытында өткізілетін іс-шараларға, аталмыш кітап материалдары баға жетпес құндылық деп есептейміз.
Қасымбек аға аудандық балалар кітапханасымен танысып, жылы лебіздерін «Қонақтарымыздың тілектері» дәптеріне жазып қалдырды.
![](https://trbs.kz/wp-content/uploads/2022/10/11102022_3-387x500.jpg)
![](https://trbs.kz/wp-content/uploads/2022/10/11102022_2-500x375.jpg)
![](https://trbs.kz/wp-content/uploads/2022/10/11102022_1-368x500.jpg)