«Сөз құдіреті» аудандық байқауы мәресіне жетті.

2024 жылдың 27 наурызы күні Аудандық балалар кітапханасының оқу залында  облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауының аудандық кезеңі өтті.

Байқау Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнімен ұштастырылды. Байқау тақырыбы: «Қазақстандық авторлардың мектеп туралы жазылған прозалық шығармалары». Сонымен бірге байқауға таңдалатын туынды Қазақстандық жазушылардың мектеп бағдарламасына кірмейтін (жасөспірімдер үшін жазылған туындылары немесе балалар мен жасөспірімдер әдебиеті шеңберіне енген шығармалар) шығармаларымен шектелді. Байқауға 12-13 жас (шарт бойынша) аралығындағы мектеп оқушылары қатысты. Байқаудың негізгі мақсаттарының бірі: жасөспірімдердің қазақстандық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуды дәріптеу, актерлік шеберлігін шыңдау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру болып табылады.

Байқауға қатысуға жалпы 7 оқушы өтінім берді. Байқауда балалар Ділдар Мамырбаева, Толымбек Абдраим, Алия Беркімбаева, Олеся Дубиковская, Сәбит Мұқанов сынды авторлардың шығармаларын мәнерлеп оқыды.

Балалардың өнерін «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің тілдерді дамыту орталығы» КММ басшысы Нагашибаев Ж.Б., Елубай Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Зыбалева А.А., Аудандық өлкетану мұражайы экскурсоводы Аскарова А.Б. сынды қазылар алқасы  бағалады. Балалардың өнерін бағалау оңайға түскен жоқ, дегенмен сайыс бар жерде жеңіс те, жеңіліс те бар. Қазылар алқасының шешімімен балаларға жүлделі 1 орын мен 3 номинация берілді.

«Әртістік шеберлік» номинациясымен №1 Тобол жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы –Шилкина Арина, «Үздік бейне» номинациясымен Набережный негізгі мектебінің 3-сынып оқушысы – Мұрат Айдидар,  «Ерекше таңдау» номинациясымен Красносельская жалпы білім беретін  мектебінің 6-сынып оқушысы – Кисляк Ксения марапатталды.

Ал жүлделі 1-орынды және облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауына жолдаманы Тобыл жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы – Шилкина Арина иемденді.

Қалған оқушылар байқауға қатысқаны үшін Алғыс хаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Пікір үстеу

Skip to content