Кітапханашыларға арналған семинар – оқимыз, тәжірибе аламыз, іске асырамыз!
2024 жылдың 24 сәуір күні аудандық орталық кітапхананың оқу залында аудан кітапханашыларына арналған семинар өтті. Бірінші бөлігінде мекеме басшысы Г. Асанова және әдіскер Н. Ищенко 2023 жылдың нәтижесі туралы сөз сөйледі, сондай-ақ, кітапханашыларға алдағы жұмыс барысы туралы тапсырмалар берілді.
Кездесудің екінші бөлімі «Кітапхана қоры – талдау,қолдану, толықтыру, тіркеу, сақтау» тақырыбында семинар-тренинг түрінде өтті. Сөз сөйлеу барысында кітапхана жұмысының маңызды мәселелері қозғалды. Кітапханашы Л. Кухтина сапасы жоғары кітапхана қорын қалыптастырудың мақсаттары мен әдістері туралы, оның құрамы мен пайдаланылуын зерттеу туралы, кітапхана қорын есепке алу мен есептік құжаттармен жұмысты ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлді. Ерекше тақырыптарға тоқталсақ: кітап қорын тексеру кезіндегі жұмыс алгоритмі; кітапхана қорын есептен шығару ережелері, актілерді жүргізу және ресімдеу тәртібі; қордың сақталуы; алфавиттік каталогта карталарды орналастыру ережелері.
Семинар-тренинг соңында алынған ақпаратты бекіту үшін қатысушыларға семинар тақырыбы бойынша тест сұрақтарына жауап беру ұсынылды.
Ауылдық кітапханашыларға презентация көрсетіліп, 8 оқу-әдістемелік құрал таратылды .