Аудандық «Сөз құдіреті» байқауы

2026 жылдың 27 наурыз күні Аудандық балалар кітапханасының оқу залында «Сөз құдіреті» » мәнерлеп оқу байқауының аудандық кезеңі өтті.

Байқау Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ұйымдастырылды. Байқауға 12–13 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Байқаудың негізгі мақсаттарының бірі – өнерге бейімі бар дарынды балаларды анықтау және қолдау, оларға өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру болды.

Байқаудың тақырыбы – «Менің сүйікті кітабым». Қатысушыларға ұсынылған шығармалар қазақстандық авторлардың, сондай-ақ жақын және алыс шетел жазушыларының прозалық көркем әдебиеттерімен шектелді. Жалпы байқауға 9 оқушы қатысты. Қатысушылардың реттік нөмірлері жеребе арқылы анықталды.

Қатысушылардың өнерін: Е.Өмірзақов атындағы аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі – Зыбалева А.А., Б. Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ басшысы – Асанова Г.Ж., аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы – Борисова А.Т.  қазылар алқасы бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша 1 орын және 4 номинация бойынша жүлделер тағайындалды.

«Әртістік шеберлік» номинациясы бойынша жүлде Майский негізгі орта мектебінің 7-сынып оқушысы Галстян Каринэге берілді.

«Мұра» номинациясы бойынша жүлде Тобол №1 жалпы орта мектебіннің  7-сынып оқушысы Шевченко Аннаға табысталды.

«Ерекше таңдау» номинациясы бойынша жүлде Набережный жалпы орта мектебінің 5-сынып оқушысы Мұрат Айдидарға берілді.

«Үздік бейне» номинациясы бойынша жүлде Красносельская жалпы білім беретін  мектебінің 7-сынып оқушысы Адгезалова Рамилеге табысталды.

Бас жүлде – І орын және «Сөз құдіреті» облыстық мәнерлеп оқу байқауына жолдаманы Тобол №1 жалпы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Орлова Алиса жеңіп алды.

Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Шараға барлығы 20 адам қатысты.

Добавить комментарий

Skip to content