Қазақстан — достық мекені

2026 жылы 28 сәуірде біздің балалар кітапханасында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақстан — достық мекені» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.Іс-шараға С. Ерғалиев атындағы мектебінің 2–3 сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында балаларға достықтың, өзара түсіністік пен халық арасындағы татулықтың маңызы туралы айтылып, Қазақстан халқының бірлігі күні не үшін атап өтілетіні түсіндірілді.Көрнекілік ретінде ақпараттық бейнеролик көрсетіліп, оқушыларға көпұлтты қоғамдағы бейбітшілік пен достықтың маңызын тереңірек түсінуге көмектесті.Танымдық бөлімнен кейін балалармен «Ағашты толтыр» атты интерактивті ойын өткізілді: әр қатысушы қағазға достықтың өзі үшін нені білдіретінін жазып, оны достық ағашына жапсырды.

Іс-шара соңында барлық оқушыларға белсенді қатысқаны үшін тәтті сыйлықтар табысталды.

Қатысушылар саны: 16 адам.

Добавить комментарий

Skip to content