7 мамыр — еліміздің тарихындағы ерекше күн!
Отан қорғаушылар күні — ерлік, намыс және Отанға деген адалдықтың мерекесі. Бұл — ел тыныштығы мен тәуелсіздігін қорғап жүрген барша азаматтардың күні.
Осы атаулы күнге орай Орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы Нина Олеговна Корякина «Отан туы астында» атты әскери book-бар өткізді. Шара қатысушылар үшін танымдық қана емес, рухани тұрғыдан да әсерлі болды.
📚 Бағдарлама үш кезеңнен тұрды:
🔹 Бірінші кезеңде қатысушылар Отанды қорғау мен патриотизмге байланысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен белсенділіктерін көрсетті.
🔹 Екінші кезеңде көрнекті тұлғалардың кітаптарына назар аударылды: Сагадат Нурмагамбетов — тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының батырлары — Бауржан Момышулы және Малик Габдуллин. Олардың еңбектері — ерлік пен Отанға деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі.
🔹 Үшінші кезең «Миф немесе шындық» форматында өтіп, қатысушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.
🎁 Шара соңында Нина Олеговна қатысушыларға естелік сыйлықтар табыстап, адал, батыл, қайсар болып, өз елінің нағыз патриоты болуға тілек білдірді.
Осындай кездесулер тарихи жадымызды сақтауға және Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға ықпал етеді.







