ҮЙРЕНЕМІЗ,  ЖЕТІЛЕМІЗ

28 қыркүйекте Орталық аудандық кітапхананың оқу залында Бейімбет Майлин ауданының ауылдық кітапханашыларына арналған «Заманауи кітапхананың библиографиялық қызметі: тәжірибесі, мәселелері, болашағы» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинар барысында ОАK библиографы С.Н. Король қатысушыларды заманауи кітапхананың библиографиялық қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Библиографиялық ақпараттандыру, мазмұны мен мақсаты әртүрлі библиографиялық материалдарды құрастыру, сондай-ақ пайдаланушыларға анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету мәселелері қарастырылды.

Практикалық жұмысқа ерекше көңіл бөлінді. Кітапханашылар библиографиялық анықтамалардың түрлерін анықтау бойынша тапсырма орындап, теориялық білімдерін бекітіп, алған білімдерін тәжірибеде қолданды.

Семинар аясында «Бейімбет Майлин ауданының 2027 жылға арналған күндер мен оқиғалар күнтізбесі» және Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдығына орай жарық көрген «Баспасөздегі аудан тарихы» библиографиялық көрсеткішінің тұсаукесері өтті. Аталған басылымдарды ОАK библиографы С.Н. Король дайындаған.

Семинардың өткізілуі ауылдық кітапханашылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және библиографиялық қызметті ұйымдастыру бойынша практикалық дағдыларын жетілдіруге ықпал етті.

Семинар соңында алдағы аудандық байқауларды дайындау және өткізуге байланысты ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар кітапханалардың жұмысын жоспарлау, есептілікті жүргізу және кітапхана қорын дұрыс есепке алу мәселелері талқыланды. Қатысушыларға жұмысты ұйымдастыру және тиісті құжаттаманы рәсімдеу бойынша қажетті ұсынымдар берілді.

Добавить комментарий

Skip to content