Кітапханаға келіңіз! Әрдайым есігіміз ашық!
2 ақпан күні игі дәстүр бойынша орталық аудандық кітапхана қабырғасында қалың оқырман қауымға арналған «Кітапхана достарын жинайды» атты ақпараттық сағат өтті.
Кітапханашы Н.О.Корякина кітап көрмелеріне, сонымен қатар тақырыптық сөрелерге шолу жүргізді. Биыл жерлесіміз Бейімбет Майлиннің мерейтойын атап өтеміз! Іс-шара «Бейімбет Майлин – өлкеміздің мақтанышы» атты кітап көрмесімен таныстырудан басталды. Көрме үш бөлімнен тұрады, онда көркем шығармалар да, мерзімді басылымдар да, кітапхананың баспа өнімдері де орын алған. Бұл көрмеде жергілікті авторларымыздың кітаптары қойылғанын атап өткім келеді – бұл А.А.Зыбалевтың «Ауылым – алтын бесігім», «Таран шапағы» кітабының екі бөлімі, құрастырушысы, өлкетанушы И. Дьячковтың кітаптары. Оқу залында «Әдебиет шыңдары» көрмесі ұйымдастырылған, Герольд Бельгер, Фариза Оңғарсынова сынды мерейтой иегерлері , сонымен қатар 2007 жылы алғаш рет басталған «Бір ел – бір кітап» акциясымен танысты. Биыл акция аясында 100 жылдық мерейтойын тойлап жатқан қазақтың көрнекті жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқып жатырмыз.
Кітапханашы Нина Олеговна қазақ әдебиетінің негізін қалаушылар Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллиндерге арналған тақырыптық кітап сөрелерін ұсынды. Сондай-ақ биыл геолог, ғалым, қоғам қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының докторы Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығын атап өтеміз. Қазақстанның Тұңғыш Қорғаныс министрі – Ұлы Отан соғысының ардагері Сағадат Нұрмұғамбетовтың туғанына 100 жыл, Совет одағының батыры, қазақ қызы, мерген Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл, қазақ суретшісі, Қазақ КСР халық суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы Әбілханов Қастеев 120 жасқа толып отыр.
Өңіріміздің жері дарынды тұлғаларға бай. Қазақ киносының белгілі актері, біздің жерлестеріміз Елубай Өмірзақовтың туғанына 125 жыл, кітапханашы актердің өмірбаянымен таныстырды, сонымен қатар Елубай Өмірзақовтың Қазақ КСР халық әртісі атағын алу үшін қандай шығармашылық жолдан өткенін айтып берді.
Қорытынды көрме – «Тың өлке – астық алқабына айналған дала» болды. Бұл көрмеде тыңның игеруіне үлкен еңбектерін төккен жерлестер туралы ақпарат орын алған.
Іс-шараның екінші бөлімінде библиограф Король С.Н. Бейімбет Майлин ауданындағы 2024 жылға арналған күндер мен оқиғалардың күнтізбесіне шолу жасады. Ол «Рабис» бағдарламасымен, электронды каталогпен де таныстырды. Барлық көрме деректері бір жыл бойы жарамды болады. Кітапханаға келіңіздер, есігіміз әрқашан ашық!