Дәстүрлі аудандық «Майлин оқулары» байқауы

15 қараша – белгілі қазақ жазушысы, драматург, қазақ әдебиетінің классигі, жерлесіміз, есімі ауданымызға берілген – Бейімбет Жармағамбетұлы Майлиннің туған күні.  Осы елеулі датаға байланысты аудандық орталық кітапхана қызметкерлері жыл сайын аудандық «Майлин оқулары» байқауын өткізіп келеді. 

        Байқаудың мақсаты –  қазақ  жазушыларының әдеби мұрасын қалың жұртшылыққа насихаттау, аудан тұрғындарын кітап оқуға шақыру, кітапханаларға жаңа оқырмандарды тарту.

        10 қараша күні аудандық орталық кітапхананың оқу залына жазушының еңбектерін сүйсіне оқитын оқырмандар жиналды. Бейімбет Майлиннің шығармаларынан үзінділерді қазақ және орыс тілдерінде оқып, өз шеберліктерін қазылар алқасының бағалауына ауылдық округтерден келген 7 қатысушы ұсынды.

Қазылар алқасының шешімімен байқаудың жеңімпаздары анықталды:

1 орын  – Шманова Мөлдір Ырғызбайқызы, Тобыл кенті,

2 орын –  Дилдабеков Игілік Алтайұлы, Тобыл кенті,

3 орын – Нокишов Мархабат Берікұлы, с.Әйет. Барлық қатысушыларға Мадақтама, Алғыс хаттар және де естелік сыйлықтар табысталды.

Пікір үстеу

Skip to content