Аудан кітапханашылары кәсіби мерекесін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 24 қазан – Кітапханашылар күні болып белгіленді. Осы мерекеге орай алғаш рет, 27 қазан күні Елубай Өмірзақов атындағы мәдениет үйінде кітапхана саласының қызметкерлеріне арналған мерекелік іс-шара өтті. Жиналған қауымды аудан әкімінің орынбасары Е. Ибраев, мәдениет бөлімінің басшысы С. Құлжанова құттықтады. Сондай-ақ, жылы лебіздерімен кітапхананың серіктестіктері де бөлісті – А. Мадиева, аудандық пошта торабының басшысы, Е. Коршун, ардагерлер кеңесінің мүшесі.

         Адал еңбектері үшін бірнеше кітапханашылар аудан әкімінің және мәдениет бөлімінің  Алғыс хаттарымен марапатталды. Номинациялар бойынша кітапхана басшысының мадақтамаларымен де кітапханашылар марапатталып, барлығына естелік сыйлықтар табысталды.

        Көпжылғы бірлескен жемісті жұмыстар үшін кітапхана серіктестері аталып өтілді: «Аманат» партиясының аудандық филиалы, ішкі саясат бөлімі, жастар ресурстық орталығы, тарихи-өлкетану музейі, тілдерді оқыту орталығы, аудандық мәдениет үйі, аудандық пошта торабы, Ардагерлер кеңесі, аудандық газет редакциясы.

      Мәдениет үйінің өнерпаздары әндерімен, жырларымен жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлай білді. Іс-шараның соңында ортаға ашық кітап түрінде тапсырыспен жасалған мерекелік торт  әкелінді.

Аталмыш іс-шаралар кітапханашылардың, кітапхананың мерейін көтерері сөзсіз.  Кәсіби мереке жылда аталып өтілетініне сенімдіміз!

Пікір үстеу

Skip to content