“2023 жылдың Үздік кітапханашысы” аудандық байқауы

2022 жылдан бастап Қазақстанда 24 қазанда атап өтілетін кәсіби мереке – Кітапханашылар күні қарсаңында орталық аудандық кітапханада “2023 жылдың үздік кітапханашысы” атты аудандық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауға Бейімбет Майлин ауданының кітапхана жүйесінің  7 кітапханашысы  қатысты. Бұл мамандар – шығармашыл және батыл  адамдар! Барлығы өз ісінің шеберлері. Патриоттық сезім, оптимизм, жаңа замануи тәсілдерді пайдаланып жұмыс істеу – біздің сайыскерлеріміздің жалпы сипаттамалары.

         Байқау Ережесі бойынша қатысушылар үш тапсырманы орындады:

– «Кітапханашының өзін таныстыруы»;

– «Авторлық онлайн іс-шарасы» бейнеролик;

– «Бір кітапқа шолу».

         Қатысушылардың жұмысын құзыретті қазылар алқасы бағалады, оның қорытындысы бойынша “2023 жылдың Үздік кітапханашысы”анықталды. Сонымен, Үздік кітапханашы – Тобыл ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ізтілеу Жанагүл Аманжолқызы!

Бас жүлде жеңімпазға бұйырды, қалған қатысушылар Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Барлық қатысушыларға байқауға қатысқандары үшін алғыс білдіре, денсаулық, шығармашылдық табыс тілейміз!

Пікір үстеу

Skip to content