Тоғызқұмалақ – даналық пен дәстүр сабақтастығы
20.03.2026 жылы біздің кітапханада Ұлттық спорт күніне арналған «Тоғызқұмалақ – даналық пен дәстүр сабақтастығы» атты интеллектуалды квест өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – оқушыларға ұлттық ойынның маңызын түсіндіру, қызығушылықтарын арттыру және ой-өрістерін дамыту болды.
Іс-шара барысында қатысушылар тоғызқұмалақ ойынының шығу тарихымен танысып, оның ерекшеліктері мен ережелері туралы мәлімет алды. Квест үш кезеңнен тұрды: таныстыру кезеңінде қатысушылар өздерін таныстырып, топтарға бөлінді; келесі кезеңде ойын тарихы бойынша сұрақтарға жауап беріп, тапсырмалар орындады; соңғы кезеңде балалар тоғызқұмалақты ойнап, алған білімдерін іс жүзінде көрсетті.
Оқушылар белсенділік танытып, әр кезеңге үлкен қызығушылықпен қатысты. Іс-шара барысында балалардың логикалық ойлау, жылдам шешім қабылдау дағдылары дамыды. Квест тартымды, мазмұнды әрі танымдық деңгейде өтті.
Қатысушылар саны-13.
