Әр бетте даналық

2026 жылы 21 сәуірде Аудандық балалар кітапханасында «Әр бетте даналық» атты іс-шаралар цикл аясында, Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне, сондай-ақ Қазақстандағы Ұлттық кітап күніне орай Б. Майлин атындағы мектеп оқушыларына арналған «Кітаптар патшалығының құпиялары» атты ойын-викторинасы өткізілді.

Аталған іс-шара балалар әдебиеті шығармалары бойынша білімдерін кеңейтуге бағытталды.

Викторина барысында «Сұрақ-жауаптағы ертегілер», «Айна әлемі», «Сиқырлы сөздер», «Жұмбақты тап», «Ғажайып елде» және «Достар» атты қызықты кезеңдер ұйымдастырылды. Қатысушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, жасырылған шығарма атауларын тауып, кейіпкерлер мен олардың сиқырлы сөздерін еске түсіріп, ертегілер бойынша жақсы білімдерін көрсетті.

Іс-шара соңында балалар тәтті сыйлықтармен және Балалар кітабы апталығына белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапатталды. Ең белсенді. әрі білімді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Қатысушылар саны — 15 адам.

Добавить комментарий

Skip to content