Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күні
2026 жылғы 23 сәуірде Қазақстанда қос мереке — Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бекітілген Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күні атап өтілді.
Осы айтулы күні кітапхана ісінің үздік өкілдері марапатталды. Оқу мәдениетін дамытуға қосқан үлесі мен кәсіби шеберлігі үшін марапатталғандар:
Жетписова Венера Муратбековна, аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы — Қостанай облысы әкімінің грамотасымен;
Борисова Алина Тимуровна, Орталық аудандық кітапхананың толықтыру бөлімінің кітапханашысы — Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының Құрмет грамотасымен.
Май ауылдық модельдік кітапханасының библиографы, кітапханашысы Король Светлана Николаевна ерекше марапатқа ие болды. Жоғары кәсібилігі мен өз ісіне адалдығы үшін оған Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы тарапынан «КІТАПХАНА ІСІНІҢ ҮЗДІГІ» төсбелгісі табысталды.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Кітапты сақтау және насихаттау жолындағы игі істерінде табыс, шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!



