Әр бетте даналық

2026 жылы 23 сәуірде Аудандық балалар кітапханасында «Әр бетте даналық» атты іс-шаралар циклі аясында, Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне, сондай-ақ Қазақстандағы Ұлттық кітап күніне орай, С. Ерғалиев атындағы мектептің 4 «А» сынып оқушылары үшін «Балалар әдебиетінің білгілері» атты «қызықты ойын алаңы» форматындағы іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың қазақ ертегілері мен балалар әдебиеті шығармалары туралы білімін кеңейту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ ойын және танымдық жұмыс түрлері арқылы кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Іс-шара барысында қатысушылар екі командаға бөлінді: «Алдар көсе» және «Бауырсақ». Бағдарлама бірнеше қызықты деңгейлік тапсырмалардан тұрды. Бірінші деңгей «Жұмбақтар әлемі» Алдар көсе кейіпкерінің (Берік Нұрнияз) қатысуымен өткізілді, бұл іс-шараға ерекше ертегілік атмосфера мен әдеби кейіпкермен тікелей қарым-қатынас әсерін берді.

Келесі кезеңдер: «Құпия шар», «Жасырын кейіпкер» және «Ертегілер мозайкасы» болды. Әрбір деңгей оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, зейінін, ертегі сюжеттерін білуін және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталды.

Қорытынды кезеңде екі команда да белсенді қатысқаны үшін грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Ең белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Қатысушылар саны – 18.

Добавить комментарий

Skip to content