«Үздік кітапханалық ЖОБА»: идеялар, тәжірибелер, шығармашылық
2026 жылғы 7 қазанда Орталық аудандық кітапхананың оқу залында кәсіби шеберлікті шыңдауға бағытталған «Үздік кітапханалық ЖОБА» аудандық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – кітапхана мамандарының озық жұмыс тәжірибесін анықтау, қолдау және тарату, олардың кәсіби өсуіне ықпал ету, шығармашылық бастамаларын дамыту, сондай-ақ халыққа кітапханалық қызмет көрсетудің инновациялық түрлері мен әдістерін енгізу.
Байқауға ауданның кітапхана мамандары қатысып, өздерінің 8 қызықты әрі өзекті жобасын ұсынды:
- «ЖИВАЯ ПАМЯТЬ: оцифруем историю вместе» – Береговой ауылдық кітапханасының кітапханашысы Устич Галина Сергеевна;
- «История моего села. Сохраняя прошлое, создаём будущее» – Николаевка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Рацеева Татьяна Сергеевна;
- «Дәстүрдің дауысы» – Тобыл ауылдық кітапханасының кітапханашысы Изтилеу Жанагул Аманжолкызы;
- «Қазақтың салт-дәстүрлері – асыл қазынам» – Байшуақ ауылының кітапханашысы Әбілда Макпал Серікқызы;
- «О чем может рассказать библиотека» – Новоильиновка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Смулянская Галина Владимировна;
- «История села в фотографиях» – Май ауылдық кітапханасының кітапханашысы Король Светлана Николаевна;
- «Литература в новом формате» – Орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы Корякина Нина Олеговна;
- «Библиотека растит читателя» – аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Жетписова Венера Муратбековна.
Байқауға қатысушылардың әрқайсысы өз жобаларын жоғары деңгейде таныстырып, кәсіби шеберліктерін, шығармашылық ізденістерін және кітапхана ісін дамытуға деген ұмтылыстарын көрсете білді. Жобалар таныстырылымдар мен көрнекі материалдар арқылы толықтырылды. Ұсынылған жұмыстардың барлығы өзектілігімен, практикалық маңыздылығымен және кітапханалық қызметті ұйымдастырудағы тың әрі қызықты тәсілдерімен ерекшеленді.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен «Үздік кітапханалық ЖОБА» байқауының жеңімпазы Новоильиновка ауылдық кітапханасының кітапханашысы Смулянская Галина Владимировна атанды. Ол «О чем может рассказать библиотека» жобасын ұсынып, грамота және естелік сыйлықпен марапатталды.
Байқаудың барлық қатысушыларына Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Байқау кітапхана мамандарының кәсіби жетістіктерін таныстыратын алаң ғана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасуға, жаңа идеялармен бөлісуге және әріптестердің шығармашылық ізденістерінен шабыт алуға мүмкіндік берген тағылымды іс-шара болды.
Байқау жеңімпазын және барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Әріптестерімізге кәсіби жетістіктер, жаңа шығармашылық идеялар және мазмұнды, қызықты жобалар тілейміз!
Сонымен қатар, Е. Өмірзаков атындағы аудандық мәдениет үйінің әріптестері Балтабаев Айбек пен Забелин Маркке байқау барысында тамаша музыкалық нөмірлер ұсынып, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосқандары үшін ерекше алғысымызды білдіреміз!


















