Жолдау жолымен…
2021 жылдың 9 қыркүйегінде Бейімбет Майлин ауданының аудандық орталық кітапханасының оқу залында мәдениет саласының қызметкерлері және Әйет ауылдық округінің қызметкерлерінің қатысумен Президентіміздің «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты халыққа Жолдауы талқыланды. Негізгі тезистермен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Ж.Ж. Калимова және орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басшысы Г.Ж. Асановалар сөз алды. Қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, Президентіміздің алға қойған міндеттерінің орындалуына кәміл сенетіндерін білдірді.