Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға арналған кездесу

Халықтың құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар аясында Орталық аудандық кітапхананың оқу залында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға арналған кездесу өтті.

Конституция — жай ғана құжат емес, ол ортақ құндылықтарымыздың, алға ұмтылысымыздың және болашақ алдындағы жауапкершілігіміздің көрінісі. Жаңа Конституция әрбір азаматтың дауысы маңызды болатын даму бағытын айқындайды.

Кездесу барысында қатысушылар жаңартылған құжаттың негізгі ережелерімен танысып, Конституцияның әр азаматтың өміріндегі маңызын талқылады. Азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне, сондай-ақ әділетті қоғам құрудағы заңның рөліне ерекше назар аударылды.

Осындай іс-шаралар құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілікті дамытуға және құқықтық мемлекетті нығайтуға ықпал етеді.

Добавить комментарий

Skip to content