ЖАҢА ЖОБАЛАР – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

24 шілде күні Бейімбет Майлин ауданының ауылдық кітапханашылары үшін онлайн форматта «Ауылдық кітапханалардың жобалық қызметі: мүмкіндіктері, тәжірибесі және алған қойған жоспарлары» тақырыбында аудандық семинар өтті. Іс-шара кітапхана мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыруға және жобалық қызметті дамытуға бағытталды.

Семинар барысында әдіскер Н.Н. Ищенко кітапханалардың жобалық қызметінің ерекшеліктері туралы жан-жақты баяндап, жобаларды әзірлеу мен іске асырудың негізгі кезеңдерін түсіндірді. Сонымен қатар, кітапхана жобаларының бүгінгі таңда сұранысқа ие бағыттарымен таныстырып, жобалық құжаттаманы рәсімдеу мәселелеріне ерекше тоқталды. Кітапханашылар жоба паспортының құрылымы, мақсат-міндеттерді дұрыс айқындау, іс-шараларды жоспарлау, күтілетін нәтижелерді белгілеу және жоба портфолиосын қалыптастыру бойынша практикалық ұсынымдар алды.

Семинардың екінші бөлімінде аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің басшысы Г.Ж. Асанова қатысушыларды «Үздік кітапхана жобасы» аудандық кәсіби шеберлік байқауын өткізу туралы Ережемен таныстырды. Байқаудың мақсаты мен міндеттері, қатысу тәртібі, байқау жұмыстарына қойылатын талаптар, бағалау критерийлері және өткізу мерзімдері жан-жақты түсіндірілді. Басшы бұл байқау кітапханашылардың шығармашылық бастамаларын қолдауға, жобалық қызметтің үздік тәжірибелерін анықтап, кеңінен насихаттауға және тәжірибе алмасуға тиімді алаң болатынын атап өтті.

Өткізілген семинар кітапханашыларды жаңа жобаларды жүзеге асыруға даярлауда маңызды қадам болып, олардың кәсіби деңгейін арттыруға, сондай-ақ оқуды насихаттауға, өңірдің мәдени өмірін дамытуға және аудан тұрғындарының қоғамдық белсенділігін күшейтуге бағытталған кітапханалық жұмыстың заманауи үлгілерін енгізуге ынталандырды.

Добавить комментарий

Skip to content