28 шілде күні Орталық аудандық кітапханада «Встреча» клубы қатысушыларының кезекті отырысы өтті.
Іс-шара жылы әрі достық жағдайда «Орман дәріханасы – адам игілігі үшін» атты танымдық тақырыпта ұйымдастырылды.
Қатысушылар дәрілік өсімдіктер әлеміне қызықты саяхат жасап, олардың емдік қасиеттерімен танысты, табиғи дәрілерді жинау, сақтау және қауіпсіз пайдалану ережелері туралы мағлұмат алды. Қонақтар «Табиғат дәріханасы» атты байқауға қызығушылықпен қатысып, дәрілік шөптерді қолдануға байланысты отбасылық дәстүрлерімен бөлісті. Ерекше қызығушылық тудырған кітап көрмесінде емдік өсімдіктер, халық медицинасы және табиғатқа ұқыпты қарау жөніндегі әдебиеттер ұсынылды.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларға жаңа білім, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, табиғаттың денсаулықты сақтаудағы сенімді көмекші екенін тағы бір мәрте еске салды.
Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Сіздерді Орталық аудандық кітапханадағы келесі кездесулерде асыға күтеміз!
Қатысқандар саны: 16 адам.





