Кітапханадағы «Абайды бірге оқиық!» челленджі! Байжанова Наталья Михайловна
Абай күні қарсаңында Орталық аудандық кітапханада мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен «Абайды бірге оқиық!» атты челлендж өтті.
Қатысушылар қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділерді шабытпен оқып, оның бай әдеби мұрасына деген құрметтерін білдірді. Әрбір өнер көрсету білімнің, даналықтың, руханияттың және туған жерге деген сүйіспеншіліктің мәңгілік құндылық екенін тағы бір мәрте еске салды.
Белсенділік танытып, шынайы ықылас білдіріп, Абай шығармашылығына қызығушылық танытқан барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!
Абай Құнанбайұлы, «Көлеңке басын ұзартып» өлеңі: «Бейімбет Майлин ауданы әкімінің ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы Байжанова Наталья Михайловна оқиды.
