Кітапханадағы «Абайды бірге оқиық!» челленджі! Асанова Айниса Жақсылыққызы

Абай күні қарсаңында Орталық аудандық кітапханада мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен «Абайды бірге оқиық!» атты челлендж өтті.

Қатысушылар қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділерді шабытпен оқып, оның бай әдеби мұрасына деген құрметтерін білдірді. Әрбір өнер көрсету білімнің, даналықтың, руханияттың және туған жерге деген сүйіспеншіліктің мәңгілік құндылық екенін тағы бір мәрте еске салды.

Белсенділік танытып, шынайы ықылас білдіріп, Абай шығармашылығына қызығушылық танытқан барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

Абай, «Қара сөздер», 37-қара сөзден үзінді: «Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқару қызметінің бас маманы Асанова Айниса Жақсылыққызы оқиды.

Добавить комментарий

Skip to content